18 маусымда Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күнін атап өтеді
Осы мейрамның қарсаңында Өскемен қаласының медицина колледжінде «Мен мамандығымды мақтан етемін» атты байқау өтті. Біздің қаланың атынан 20 жастағы фельдшер Әсет Ерланов қатысты. Ол өзінен тәжірибесі мол әріптестерін артқа тастап, өзінің ең бірінші сыйлығын алып қайтты.
Байқауға Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, үлкен жұмыс өтілдері бар, өте тәжірибелі мамандармен бірге жас буын да қатысты, байқауға келген 14 адам – фельдшер, медбике және медие арасында біздің әріптесіміз, желілік бригада фельдшері Әсет Ерланов топ жарды, ол жедел жәрдем станциясында жұмыс істегеніне небәрі 10 ай ғана, байқауға қатысқандар арасындағы ең жасы кішісі болды. Әсет 2016 жылы медицина колледжін аяқтай сала, жедел жәрдем станциясына жұмыс кірген болатын.
Байқау 4 сайыстан тұрды, әр сайыстың жеңімпазы анықталып отырды. Бірінші тур – «Презентация». Екінші – «Биатлон», оның барысында қол жуу техникасын, стерильді перчатка кию, тамырға және жамбасқа екпе егу, тамшылатуды дайындау және тамыр бұрауын салу техникасын көрсету керек болды. Үшінші сайыс - «Аяқ-қол иммобилизациясы». Бұл сайыста қатысушылар қол мен аяққа шина салу техникасын көрсетті. Және соңғы сайыс - «Жүрек-өкпе реанимациясы», нәтижесінде біздің жерлесіміз ең үздік деп танылды.
-«Жүрек-өкпе реанимациясы» сайысында зардап шегушіге (байқау кезінде оның рөлін манекен атқарды) шұғыл көмек көрсетудегі өзінің мүмкіндіктері мен жылдамдықты көрсету қажет болды. Судьялар қатысушылардың жылдамдығына және өзінің әрекетін түсіндіре алуына көңіл бөлді – дейді Әсет Ерланов – маңыздысы қимыл – әрекеттің сатылығынан шатаспай, жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін сақтау.
Дәл осы байқауда Әсет «үздік» деп танылды. Және дипломмен марапатталды. Оның айтуы бойынша – бұл оның алғашқы кәсіби жеңісі. Әсеттің аты шулы апатта жүкті әйелді аман сақтап қалған фельдшер екенін атап кеткен дұрыс. Еске салсақ, өткен жылы қазан айында, қала жолдары аяқастынан қатқаққа айналып, Абай көшесі мен Шәкерім даңғылының қиылысында «жедел жәрдем» көлігіне «Нива» маркілі машина соғылып қалды. Сол кезде бригада екінші перзентханаға жүктілігі 40 аптадағы, толғағы қысқан әйелді апара жатқан еді. Көліктер соқтығысып қалған кезде Әсет Ерланов жүкті әйелді өз денесімен бүркеп, оны да, әлі тумаған нәрестені де аман сақтап қалды.
- Біздің жұмысымыз өте қызықты, осы жағдай менің әлі аз ғана тәжірибемде есте қалатын болды – деп есіне алады Әсет. – Мен адамдарға қиын жағдайда көмек көрсеткенді жақсы көремін. Сондықтан да осы жолды таңдаған шығармын. Бала кезімде-ақ маған жедел жәрдем көліктері ұнайтын, оның ішінде не болып жатыр деп қызығатынмын, және әрқашан медицинаға әуес болдым.