Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы санитарлық автокөліктерді ретке келтіре бастауы
Тұрғындардың назарына: 2017 жылғы шілдеде жедел медициналық қызмет бойынша санитарлық автокөліктің дизайны (түсі, түрграфикалық сызбасы) және дыбыс дабылына талаптар қойылумен жаңа стандарт шықты. Санитарлық көліктің дизайны және түсінің бояуы ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 03 қарашадағы №811 Бұйрығында ережеленген. Дыбыс дабылының талаптарымен (максималды деңгейді қосу) Сіздер ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 03 шілдедегі №450 Бұйрығынан (2018 жылғы 08 қаңтардағы өзгерістерімен) таныса аласыздар. Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы заман талабына сай, санитарлық автокөліктерді аталған нормативтік актілерге сәйкес ретке келтіре бастады.