Семей қ. ЖМЖС-нің баспасөз қызметі хабарлайды:
Алғашқы аязбен бірге мұздау жарақатымен алғашқы зардапшеккендер де бар. Олар: 20.11.2019ж. шақырту түскен 60 және 47 жастағы нақты тұрақты мекенжайы жоқ екі ер адам, сонымен қатар 52 жастағы әйел, аяқ бақайларын 1 және 2 дәрежелі үсік шалған. ЖМЖС бригадасы зардапшегушілерге медициналық көмек көрсеткеннен кейін Семей қ. ЖМЖА-нің жарақаттану бөлімшесіне жеткізді.
Үсік кезіндегі алғашқы көмек: үсік шалған жерді жылытатын таңғышпен орап, үсіген аяқ-қолдарды иммобилизациялау, зардапшегушіге ауырсынуды басатын дәрі егу, 1-3 сағаттың ішінде зардапшегушіні емдеу мекемесіне жеткізу. Егер зардапшегуші тасымалдауға келмейтін болса, ЖМЖ бригадасын шақырту қажет. Үсік шалған адамның дымқыл киімін шешіп, оны құрғақ жылы көрпеге орау немесе төсекқапқа жатқызу керек, немесе оның үсік шалған жерін жылытатын таңғышпен орау қажет. Мүмкіндік болса зардапшегушіге жылы дымқыл оттегімен немесе ауамен ингаляция жасау керек.
Ауыр гипертермиямен сырқаттанғандардың тыныштығын қамтамасыз ету керек және жүректің жұмысы бұзылуының болуы мүмкіндігіне байланысты оларды (қажет болған жағдайда) орнынан абайлап қозғау керек.
Үсік шалған жерлерге массаж жасауға мүлдем тыйым салынады, өйткені ол жарақатты күшейтіп, ауыр жағдайға алып келеді!!!