Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчерге қажетті негізгі ақпарат
Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчерге қажетті негізгі ақпарат
Сіз «103» нөміріне қоңыраулар жаппай көптеп түскен кезде хабарлассаңыз, диспетчердің «Жедел жәрдем. Күте тұрыңыз, Сізге міндетті түрде жауап береді» деп айтқанын естисіз. Егер ондай жағдай болса, диспетчердің жауабын тосу қажет және оған мынадай ақпаратты хабарлау керек:
- Науқастың Т.А.Ә., жасы және жынысы;
- Науқастың жай-күйі және сырқаттануы немесе жазатайым жағдайдың мәні туралы қысқаша дерек;
- Науқастың тұрған мекенжайы (науқас далада тұрса, нақты бағдарын көрсету қажет, пәтерде болса: үйге келудің жақын жолын, подъездің, қабаттың, есік кодының нөмірін көрсету керек);
- Жедел жәрдемді үйге шақырғанда өзіңізде жеке бас куәлігі немесе баланың туу туралы куәлігі міндетті түрде болуы керек.
Осы сұрақтарға нақты және толық жауап берілуі, «жедел жәрдем» бригадасының науқасқа немесе зардап шегушіге тез келуіне көмектеседі.
Сіз «103» нөміріне қоңырау шалғаннан кейін, қай бригаданы жіберу керектігін диспетчер өзі шешеді. Диспетчердің нақты Сіздің шақыртуыңызға қай маман қажеттігін анықтауы үшін, болған жағдай туралы анық және дұрыс хабарлауыңыз керек. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде де міндетті түрде көрсетіңіз: зардап шегушілердің шамамен саны, арасында балалар бар ма, апат болғандардың жай-күйінің ауырлығы қандай және т.б.
Сізге немесе Сіздің таныстарыңызға бір жағдай болып қалғанда, Сізде көлік болса және науқастың жай-күйі жақын жердегі ауруханаға баруға жараса, Сіз жедел жәрдем бригадасының келуін тоспай, өзіңіз де бара аласыз. Қаланың кез келген ауруханасы Сізді қабылдайды және алғашқы көмек көрсетеді, қажет болса ауруханаға жатқызады. «103»-ке хабарласып, дәрігерді шақыртпай, болған шұғыл жағдай жөнінде кеңес алуға болатынын бәрі біле бермейді.
ОЖМЖС-де Орталық бөлімшеде 51-61-23, Әуезов бөлімшесінде 32-65-91 немесе «103» телефоны арқылы Станцияның аға дәрігерінен кеңес алуға болады. Көрсетілген телефондағы аға дәрігер Сізге қажетті кеңес береді, науқастың жағдайын қалай жеңілдету туралы, және «жедел жәрдемді» шақырту қажеттілігі жөнінде кеңесуге болады. Сондай-ақ, «103» нөміріне хабарласып, Сізге қаланың медициналық мекемелері, мекенжайы, телефоны, аурухананың, емхананың бейіні және т.б. жөнінде ақпарат ала аласыз.