Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК
КГП на ПХВ «Областная станция скорой медицинской помощи» управления здравоохранения области Абай
РҚ, Абай облысы, Семей қ.,
Орманды көшесі, 32/1
Ли Владимир Викторович
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Алғашқы көмек – ол адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет.
Заң бойынша, алғашқы көмек медициналық болып саналмайды – ол дәрігерлер келгенше көрсетіледі немесе зардап шегуші госпиталданады. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез келген адам көрсете алады. Бірақ азаматтардың кейбір санаты үшін алғашқы көмек көрсету – қызметтік міндеті. Бұл жерде сөз полиция қызметкерлері, әскериқызметшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, және, әрине, медицина қызметкерлері туралы.
Алғашқы көмек көрсете білу – қарапайым, бірақ әрбір адам білуі тиісті өте маңызды дағды. Шұғыл жағдайда ол біреудің өмірін құтқара алады. Сіздердің назарларыңызға алғашқы көмек көрсетудің 10 базалық дағдысын ұсынамыз.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ
Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:
Ол жағдайға байланысты мынадай болуы мүмкін:
- тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру;
- жүрек-өкпе реанимациясы;
- қан кетуді тоқтату және басқа шаралар.
ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ
Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) – адамның өкпесінің табиғи желдетілуін қалпына келтіру үшін, оның тыныс жолдарына ауаны (немесе оттегіні) жіберу. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шара болып есептеледі.
ӨЖЖ-ні қажет ететін қалыпты ахуал:
- автомобиль апаты;
- судағы оқиға;
- тоқ соғу және басқа.
Қазіргі кезде медицинада ӨЖЖ-нің әртүрлі тәсілдері бар. Маман емес адамның алғашқы көмек көрсетуі кезінде ең тиімдісі «ауыздан-ауызға» және «ауыздан- мұрынға» жасанды тыныс беру тәсілі.
Егер зардап шегушіні қараған кезде табиғи тыныс алуы сезілмесе, дереу өкпені жасанды желдендіру өткізілуі керек.
«Ауыздан-ауызға» жасанды тыныс беру:
- Омыртқаға зақым келген болса, зардап шегушінің басының жатқан қалпын өзгерпеңіз!
- Алғашқы 5-10 дем шығару тез болуы керек (20-30секундта), содан кейін 12-15 дем шығару бір минут ішінде.
ЖҮРЕККЕ ЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУ
Егер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.
Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы немесе көкірек қуысының компрессиясы – адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады.
Назар аударыңыз! Жүректің жабық массажын адамның пульсі болған кезде жасауға тыйым салынады.
Жүрекке жанама массаж жасау техникасы:
Жас нәрестелерге жүректің жанама массажы бір қолдың сұқ саусағы және орта саусағымен жүргізіледі. Жасөспірімдерге – бір қолдың алақанымен.
Егер жүрекке жасанды массажбен бір мезгілде ӨЖЖ жүргізілетін болса, онда кеудеге 15 басу екі тыныс алумен кезектесуі керек.
ГЕЙМЛИХ ТӘСІЛІ
Кеңірдекке ас немесе бөгде зат түсіп кеткен кезде, ол бітеліп қалады (толықтай немесе жартылай), нәтижесінде адам тұншыға бастайды.
Тыныс алу жолдарының бітеліп қалуының белгісі:
- Толыққанды тыныс алудың болмауы. Егер тыныс алу жолы толық бітелмесе, адам жөтеледі; егер толық бітелсе – мойынын ұстайды.
- Сөйлеу мүмкіндігінің болмауы.
- Бет терісінің көкшілденуі, мойын тамырларының білеуленуі.
Тыныс жолдарын тазартуды көбінесе Геймлих тәсілімен өткізеді:
Зардап шегушінің кеудесін баспаңыз, тек жүкті әйелдерде басу әдісі кеудесінің төменгі жағында жүзеге асырылады.
Егер зардап шегуші есінен танып, құлап қалса, оны арқасына жатқызыңыз, санына отырып, екі қолыңызбен қабырға доғасына басыңыз.
Баланың тыныс жолдарынан бөгде затты алып тастау үшін оны ішіне жатқызып, 2-3 рет жауырын ортасынан қағу керек. Өте абай болыңыз! Тіпті бала тез жөтеліп жіберсе де, дәрігерге тексеру үшін жүгініңіз.
ҚАН КЕТУ
Қан кетуді тоқтату – ол қан кетуді тоқтатуға бағытталған шаралар. Алғашқы көмек көрсетуде, сөз - сыртқы қан кетуді тоқтату туралы болмақ. Қан тамырларының түріне байланысты, қылтамырлық, көктамырлық және артериялық қан кету болып бөлінеді.
Қылтамырлық қан кетуді тоқтату асептикалық таңу дәкесін салу жолымен, сондай-ақ, егер қолы мен аяғы жарақаттанса, аяқ-қолын денесінің деңгейінен көтеру арқылы жүзеге асырылады.
Көктамырлық қан кетуде қыспа таңғыш салынады. Ол үшін жараны таңу орындалады: жараға дәке, оның үстіне бірнеше қабат мақта (егер болмаса – стерильді орамал) салынады, тығыз оралады. Осылай таңғышпен басылған тамыр тез тромбыланады – қан кету тоқтайды.
Егер қыспа таңғыш суланса, оны алақанмен қаттырақ басыңыз.
Артериялық қан кетуді тоқтату үшін артерияны басу қажет.
Артерияны басу техникасы: артерияны саусақпен немесе жұдырықпен сүйекке дейін қатты басыңыз.
Артериялар пальпацияда оңай сезіледі, сондықтан осы тәсіл ең тиімді. Бірақ, бұл тәсілде алғашқы жәрдем көрсететін адамнын күші қажет.
Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда қан тоқтатудың үздік тәсілі бұрау салу.
Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы:
Аяқ-қолға бұрауды көп болса тек 1 сағатқа салуға болады. Бір сағаттан кейін бұрауды 10-15 минутқа босаңсыту қажет. Қажет болса қайта тартуға болады, бірақ 20 минуттан артық тартпау керек.
СЫНЫҚТАР
Сынық – сүйектің бүтіндігінің бұзылуы. Сынықта қатты ауру, кейде естен тану немесе шок, қан кетулер болады. Сынықтар ашық және жабық болады. Ашық сынық жұмсақ тіндердің жарақатымен білінеді, жарақатта кейде сүйектің бөлшектері көрінеді.
Сынық кезінде алғашқы көмек:
1.Зардап шегушінің жағдайының ауырлығын бағалаңыз, сынықтың орнын анықтаңыз.
Омыртқасына зақым келген жағдайда, зардап шегушіні қозғамаңыз және оның орнын ауыстырмаңыз!
Жабық сынық кезінде иммобилизацияны киімнің үстіне жасайды; ашық сынықта сүйек сыртқа шығып тұрған жерге шендеуіш қоюға болмайды.
КҮЙІКТЕР
Күйік – ағза тіндерінің жоғары температураның немесе химиялық заттың әсерінен зақымдануы. Күйіктер дәрежесіне және зақымдану түріне қарай бөлінеді. Зақымдану түріне қарай:
- термиялық (от, сұйықтық, бу, қызып тұрған заттар);
- химиялық (сілті,қышқыл);
- электрлік;
- сәулелік (сәулелік және иондық радиация);
- және аралас күйік.
Күйік кезінде бірден күйдіргіш заттың (от, электр тоғы, ыстық су) әрекетін жою керек.
Содан кейін, термиялық күйікте зақымданған жерді киімнен босатып (еппен, теріні сыдырмай, жараның жан-жағына жабысып қалған матаны кесіп), күйік шалған жерді суық суды ағынында 20 минут ұстау керек.
Майлы жақпамайларды және майлы кремдерді қолданбаңыз – майлар ауырғанды баспайды, күйікті заласыздандырмайды және жазылуына көмегі жоқ.
Содан кейін жараны суық сумен ағызып жуыңыз, стерильді таңғышты салыңыз және мұз немесе суық зат қойыңыз. Және зардап шегушіге жылы тұзды су беріңіз.
ЕСТЕН ТАНУ
Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы.
Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады.
Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп, аяқ-қолы суып кетеді.
Естен танудың қарапайым жағдайы:
- қорқыныш;
- мазасы кету;
- қапырық және т.б.
Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған мақта тампонын иіскетіңіз.
Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз.
Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.
СУҒА БАТУ ЖӘНЕ КҮН ӨТУ
Суға бату – судың өкпеге және тыныс жолдарын өтуі өлімге алып келуі мүмкін болғандағы жағдай.
Суға батудағы алғашқы көмек:
Назар аударыңыз! Суға батып бара жатқан адам қолына тигеннің бәрінен ұстайды. Сақ болыңыз – оған артқы жағынан жүзіп барыңыз, басын судың бетінде ұстап, шашынан немесе қолтығынан демеңіз.
4.Өмір белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз.
Тыныс алуы және жүрек қызметі қалпына келген соң зардап шегушіні жанына қарай жатқызып, үстін жабыңыз және медицина қызметкерлері келгенге дейін күтіңіз.
Жазғы уақытта күн өту де қауіпті. Күн өту – күн ыстықта күннің көзінде ұзақ болғанда, бас миы жұмысының бұзылуы.
Симптомдары:
- бас ауыруы;
-әлсіздік;
- құлақтағы шу;
- жүректің айнуы;
- құсу.
Егер зардап шегуші әлі де күннің көзінде қалса, оның температурасы көтеріледі, демігу пайда болады, кейде есінен де танады.
Сондықтан, алғашқы жәрдем көрсеткенде алдымен зардап шегушіні салқын, желдетілген орынға алып келу керек. Содан кейін оның киімін шешіп, белдігін босатып, аяқ киімін шешіңіз.оның басына және мойнына суық сумен суланған орамалды қойыңыз. Мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Қажет болғанда жасанды дем беруді жасаңыз.
Күн өткенде зардап шегушіге аздап тұз қосылған салқын су беру қажет (жиі, бірақ аздаған).
ҚАТТЫ ТОҢУ ЖӘНЕ ҮСУ
Қатты тоңу (гипотермия) – ол адамның дене температурасыныың қалыпты зат алмасуы үшін қажетті нормадан төмен азаюы.
Гипотермиядағы алғашқы көмек:
Алкоголь пайдаланбаңыз!
Қатты тоңудың арты үсуге алып келуі мүмкін, яғни төмен температурың әсерімен ағза тіндерінің зақымдануына және ұлпаның жанының кетуіне. Дененің қан айналымы төмен бөліктері - аяқтың және қолдың саусақтарының, мұрынның және құлақтың үсуі жиі кездеседі.
Үсудің себептері - жоғары ылғалдық, аяз, жел, қозғалмай отыру. Зардап шегушінің жағдайын алкогольдік мас болу одан сайын қиындатады.
Симптомдары:
- суыту сезімі;
- дененің үсіген жерлерінің сұққылауы;
- содан кейін – жан кетуі және сезімталдылықтың жоғалуы.
Үсу кезіндегі бірінші көмек:
Ысқылауға май немесе вазелин пайдалануға кеңес береміз. Зардап шегушіні қармен ысқыламаңыз.
УЛАНУ
Улану – у немесе улы зат түскеннен ағза жұмысының бұзылуы. Улы заттың түріне байланысты улану мына типтерге бөлінеді:
- ысқа улану;
- улы химикаттармен улану;
- алкогольге улану;
- дәрі-дәрмекпен улану;
- тағаммен улану және т.б.
Алғашқы көмек көрсету шаралары уланудың сипатына байланысты. Жүрегі айну, құсу, іш өту және асқазан ауыруымен көрінетін тағамға улану көптеп тараған. Бұл жағдайда зардап шегушіге бір сағаттың ішінде әрбір 15 минут сайын 3-5 грамм белсенді көмір дәрісін ішуге, суды көбірек ішуге, тағамнан бас тартуға және міндетті түрде дәрігерге жүгінуге кеңес беріледі.
Сонымен қатар, дәрілік препараттармен кезейсоқ немесе әдейілеп улану, және алкогольдік интоксикация көптеп тараған.
Бұл жағдайдағы алғашқы көмектің қадамдары:
Асқазанды жуу тек зардап шегуші есін білетін жағдайда ғана жүргізіледі.
3. Медицина қызметкерлерінің келуін тосыңыз.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК
Әрленім және құрастыр
SemStar