Telegram-бот арқылы жедел жәрдем шақыру
Telegram-bot не үшін қажет және оны қалай пайдалануға болады?
Telegram-bot қызметін мүмкіндігі шектеулі адамдар пайдалана алады: нашар еститін және есту қабілетінен толық айырылған адамдар, сондай-ақ егер сіз 103-ке хабарласа алмасаңыз.
Суреттегі QR кодын қолдана отырып, Telegram-bot арқылы алғашқы көмек ала аласыз.
«Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес, қажет болған жағдайда жарақаттануды немесе дімкәстікті және т.б. сипаттау, сондай-ақ науқастың немесе зардап шегушінің орналасқан жерін барынша дәл көрсету қажет. Telegram-bot мессенджері арқылы берілген өтінім шақырудың жеделділік санатын анықтау үшін станцияның Call-орталығында өңделеді, жеделдіктің 4-ші санатындағы шақырулар емханалар жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшелеріне орындауға беріледі.
Сіз сондай-ақ «өтініштің мәртебесін тексеру» тиісті батырмасын басу арқылы өз өтінішіңіздің мәртебесін тексере аласыз. «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде сіз коронавирустық инфекцияның белгілері мен алдын-алуға қатысты өзекті ақпаратты таба аласыз.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің 438-бабына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген; 04.09.2022 Ж. және «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабы тексерілді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, жедел медициналық көмекті, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақыру-жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияны, өрттерді, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс – әрекеттер-жеке тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс – әрекеттер-ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшері ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.