"Ашық есік күні" Аякөз қаласында, Үржар және Мақаншы ауылдарында
16 - 17 .10.2019ж. Семей қ. ЖМЖС аймақтық бөлімшесінің меңгерушісі Назымгүл Мұратқызы Мұқажанова және аймақ бойынша аға фельдшер Алия Сарсекенова Аякөз қаласында, Үржар және Мақаншы ауылдарында "Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясының Ашық есік күндерін" өткізуде. Тұрғындармен және аудандық ауруханалардың қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР ДСМ-нің 03.07.2017ж. №450 Бұйрығына сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсету Қағидаларын түсіндіреді, тұрғындардың қазіргі уақытта "103" пультіне түскен шақыртулары неге Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясына түсетіні және т.б. сұрақтарына жауап беруде. Осы кездесулер сондай-ақ Семей қ. ЖМЖС жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.