Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясының жаңа ғимараты ашылды
Біздің өңір көптеген жылдар бойы заманауи құрылғылармен жабдықталған, жаңа типтік жедел медициналық жәрдем станциясына мұқтаж болды. 2011-2015жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру аясында, құрылысы 2013 жылы басталған, бөлінген сома 1 миллиард 538 миллион 278 мың теңгені құраған, Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясының жаңа типтік ғимараты салынды. Алынған құрылғылар барлық әлемдік стандарттарға сай, ол – өкпені жасанды желдетудің заманауи аппараттары, КИ-3М оттегі ингаляторлары, Дефибриллятор-мониторлар ДКИ-Н-10 Аксион, Небулайзерлер (Omron compare C28), диагностикалық электрокардиостимуляторлар, Электрокардиографтар ЭК12Т модель Альтон-103 және басқа көптеген.
Жедел медициналық жәрдем станциясының жаңа типтік ғимараты үш корпустан тұрады, оның біреуі – әкімшілік. Қазір жедел жәрдемнің «жүрегі» - диспетчерлік қызмет жүйелі навигациямен жабдықталған кең үй-жайда орналасқан. 150 орындық үлкен сыйымды заманауи мәжіліс залы бар. Жедел медициналық жәрдем станциясының жаңа типтік ғимаратында жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге үшін оқулар өткізуге арналған заманауи оқу бөлмелері жабдықталған.
Дәрігерлер мен фельдшерлер өздерінің кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отырады, станцияда жоғары және бірінші санатты дәрігерлер мен фельдшерлер жұмыс істейді, сонымен қатар біз жас буын туралы да ұмытпаймыз. Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы Семей Мемлекеттік медицина университеті және Д.Қалматаев атындағы медицина колледжі мен «Авиценна» колледжімен де келісім шарт жасаған, шартқа сәйкес студенттер тәжірибеден жедел жәрдем станциясында өтеді.
Жедел медициналық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында сертификациядан өткен бірреттік шығыс материалдарыв пайдаланылады, диагностика және емдеудің барлық сатысында инфекциялық бақылау жүргізіледі, стерильдеу жұмысы заманауи, соңғы үлгідегі құрылғыларда жүргізіледі.
Өзіміздің адал еңбегімізбен, жоғары кәсібилігімізбен, жаңа диагностикалық және емдеу құрылғыларымен және барлық күш-қуатымызбен біз қаламыздың, Шығыс Қазақстан аймағының, Отанымыздың игілігі үшін еңбек етеміз. Біздің барлық күш-жігеріміз аумақта уақытылы жедел шұғыл медициналық жәрдем көрсетуге және өлім жағдайын азайтуға бағытталған.