ҚР ЖМЖ бригадаларының спартакиадасы өтті
2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем бригадаларының Спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен жедел медициналық жәрдем бригадаларының 18 командасы қатысты.
Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының командасы: бас дәрігер ли Владимир Викторович, дәрігер-реаниматолог Веселова Светлана Геннадиевна, фельдшер Шеломенцева Оксана, Ерланов Асет. Құзыретті қазылар алқасы Республиканың 18 өңірінен келген барлық жедел медициналық жәрдем бригадаларының кәсіби құзыреттерін қатаң бағалады.
Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы жоғары кәсібилік көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Екінші орынды Астана қаласының командасы, бірінші орынды Шымкент қаласының спартакиада ұйымдастырушылары иеленді.
Абай облысының командасын табанды күрестегі жоғары марапатымен және Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының бүкіл ұжымын құттықтаймыз!