ЖРВЖ және тұмаудың алдын алу
"ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД Семей қ. ҚДСБ" РММ-сі жіті респиратолық вирустық жұқпа (ЖРВЖ( және тұмау бойынша 2018-2019ж. эпидемиялық науқанның басталуы туралы хабарлайды.
ДДСҰ-ның хабарлауынша 2018-2019ж. эпидемиялық науқанда тұмау және басқа ЖРВЖ-мен сырқаттанудық жоғарылауы 2018 жылғы желтоқсан айына, 2019 жылғы қаңтардың аяғы мен ақпан айының соңында сырқаттанудың шыңы деп күтілуде.
Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау Комитетінің ақпараты бойынша алдағы 2018-2019ж. эпидемиялық нақанда Қазақстанда тұмаудың үш штаммы: А-1 (H1N1) - Мичиган, яғни жай сөзбен айтқанда "шошқа" тұмауы, ол қауіпті тұмаулардың бірі болып саналады. Тұмаудың бұл түрінің ерекшелігі - өршуінің ерте байқалуы. Сонымен қатар, А-3 (H3N2- "Сингапур") және В ("Колорада" түрі) тұмаулырының штаммы күтілуде.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы- вакцинация.