«Семей қ.ЖМЖС» ШЖҚ КМК кубогіне мини-футболдан турнир
Турнирдің бас демеушісі- алғашқы үш орынға ақшалай сертификат бөлген, грамоталар мен статуэткалар дайындаған «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіподағы» РҚҰ-нің ШҚО бойынша филиалы.
Бүгін, 2021 жылғы 12 маусымда Семей қаласында «Семей қ. Жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК кубогіне «Медициналық қызметкерлер күні» құрметіне мини футболдан ашық турнир өтті. Турнирге Семей қ. Университет госпиталінің, ЖМЖА, Семей қ. Медицина университетінің командалары және Семей қ.ЖМЖС командасы қатысты. Барлығы 6 ойын командасы қатысты. Жедел медициналық жәрдем станциясынан 3 команда шықты («103 аймақтар», «Орталық бөлімше», «Әуезов бөлімшесі»).
Үздік футболшылар «Үздік бомбардир, үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы» номинацияларымен, әрқайсысы 20 000 теңге сомасында сертификатпен марапатталды.
Турнирдің кубогін Семей қ.ЖМЖС-нің «103 аймақтары» командасы 1-орын және 150.000 теңге сыйлық қорымен жеңіп алды. 2 орынды 100.000 теңге жүлдемен СМУ КАҚ (Семей қ.Медицина университеті) жеңді. 50 000 теңге мен жүлделі 3 орынды «Әуезов бөлімшесі» Семей қ.ЖМЖС-нің командасы жеңді.
«Тәні саудың- жаны сау»