«Жедел жәрдемді» дұрыс шақырайық
«Жедел жәрдемді» дұрыс шақырайық
Сонымен, сіз 103 нөмірін тердіңіз.
Ары қарай не істейсіз ?
-Шақыру себебін және ауырған адамның (немесе оқиға болған жердің) мекен-жайын дұрыс айтыңыз.
-Егер көшеден қоңырау шалып тұрсаңыз және үйдің нөмірін дәл білмесеңіз, жедел жәрдем бригадасы тез жету үшін бағдар беріңіз
-Үйдің кодтық құлыбының нөмірін, өз телефон нөміріңізді, нешінші қабат екенін хабарлауды ұмытпаңыз.
-Мүмкіндігіңіз болса, жедел жәрдем бригадасын подъезд алдында күтіп алыңыз.
Пәтерде науқасыт қарауға ыңғайлы орын болу керек.
Көрсетілетін көмек көлемін медицина қызметкері анықтайды. Сіз дәрігерге, жедел жәрдем келгенше немесе үнемі қабылдап жүрген препараттар туралы айтуыңыз керек. Қандай да бір дәріге аллергиясы бар екенін ескертуді ұмытпаңыз.
-Барлық қойылған сұрақтарға, ыңғайсыз болсада шын жауап беріңіз. Басқа препараттар енгізу кезінде асқыну жағдайлары болмас үшін, зиянды әдеттеріңіз болса (ішімдікке салыну немесе есірткі қолдану) жасырмай айтыңыз. Міндетті түрде, науқастың өткізген аурулары болса: миокард инфарктісі, мидағы қан айналымының жіті бұзылуы, жара ауруы, қант диабеті, онкологиялық аурулары, жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде болу-болмауын.
Есіңізде болсын, «жедел жәрдем» бригадасы:
Шипашақ жазып бермейді
Еңбекке жарамсыздығы туралы парақ бермейді
Бұлшық ет және тамыр арқылы жоспарлы егу жұмыстарын жүргізбейді.
Ішімдік және есірткі қолданғанына куәлік етпейді.
Сот-медициналық сараптама жүргізбейді
Өлу себебінің қорытындысын жасамайды
Науқасты стационардан үйіне әкеліп тастамайды
Жедел жәрдем бригадасына жалған шақыру түсіргендер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша жауапқа тартылады.