Республикалық жедел жәрдем станцияларының арасындағы жарыста Семей 3 орын алды
Жарыс бағдарламасында 10 станция болды, мысалы ересек науқастарға кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету, политравма, суға кету кезінде көмек көрсету және т.б. Жарысқа Қазақстанның әр жерінен 10 команда қатысты. Қорытындысында I орынды Алматы қаласының командасы, II орынды – Астана қаласының командасы иеленді. III орынды Семей қаласының командасы иеленгенін атап айту қажет. Команда құрамы: дәрігер – Тимур Сюндыкович Толукбаев, Зарина Гильфановна Гайсина және фельдшер Айдын Толеугожин.