Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
«Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК сайтына кірушілерге арналған ақпарат
Жедел медициналық жәрдем станциясында Семей қаласының, Семей өңірінің тұрғындарына және қала қонақтарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету сапасына үлкен көңіл бөлінеді.
Станцияда Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметі жұмыс жасайды.
Егер Сіздің медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса, немесе жедел медициналық көмек көрсеткені үшін өзіңіздің алғысыңызды білдіргіңіз келсе, Сіз ауысымның аға дәрігеріне тәулікбойғы режимдегі 51-61-23 телефонына, немесе 51-67-19 нөмірлі сенім телефонына хабарласа аласыз. Сонымен қатар, біздің сайт арқылы тікелей Семей қ. ЖМЖС басшысы Владимир Викторович Ли блогына өзіңіздің хабарламаңызды жаза аласыз.
Егер Сіз бас дәрігердің медицина бөлігі жөніндегі орынбасарымен, немесе Орталық бөлімше, Әуезов бөлімшесі, санитарлық авиация бөлімшесінің басшыларымен хабарласқыңыз келсе, онда сайттың «Байланыстар» деген бөліміне кіруіңіз қажет.
2021 жыл Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне 156 жүгіну түскен, оның ішінде 25 жазбаша, 131 ауызша жүгінулер, Барлық жүгінулер Ішкі бақылау Қызметінде қаралды, тиісті қорытынды шығарылып, әкімшілік шешім қабылданды.
Бізбен бірлесіп жұмыс жасағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біз әрқашан Сіздерге көмек көрсетуге асығамыз!